Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа ұлттық – патриотизмді қалыптастырып адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай, ұлтжанды, патриотты адамды  қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың » деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ұлтжанды, патриоттық, ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік, құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Ұлттық патриотты тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагоктардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиелеушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, ұлттық патриоттық ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек. ұлттық – патриоттық негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек , сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзгеде формалары, бұл — сананың, сезімдердің , мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-эканомикалық құндылықары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленді. Ұлттық – патриоттықты,  адамгершілікке еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру працесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педегогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс -әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармалармен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуге дамытуға , үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмыс істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.Әр баланың жеке басы – оның моральдық  дамуы үшін қамқорлық жасау – бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. Мектепке дейінгі жастағы баланың ұлттық – патриотты дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандайда болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.

Жалпы ұлттық  деңгейде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты мақсаты: Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, патриоттық сезімі қалыптасқан, рухани ойлау дәрежесі биік, мәденитті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор іскер,  бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелер.

  • Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастрыу, Отанға деген сүіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау.
  • Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық дәстүрі негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;
  • Толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын кешенді сүйемеледеуді қамтамасыз ету;
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінезді құлқы, нормасы, тәртіптік ережесі қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт — дәстүр үлгісінде қалыптастыру;
  • Балада қоршаған дүние, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру.

Атақты педагог Сухомлинский: « Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрінде ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат беретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық » деп атап көрсеткен.Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез – құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды.Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа, патриоттықа шақырады. Патриоттық тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына ұлттық патриоттық қасиеттерді сіңіру-ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті.Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызымет атқарады, оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға жағынан қалыптастыру.

Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік тұлға.Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.