Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы Л — Р дыбысына дұрыс шығаруға көмектеседі.
«Пя-пя-пя»
Мақсаты: тілдің бұлшық еттерін босансытып, оны жалпақ күйде ұстауын үйрету.
Қысқаша сипаттамасы: ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып
«пя-пя-пя …» деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден беске –онға дейін санап, ұстап тұру. Әдістемелік нұсқау.1. Төменгі ерінді қайырып немесе астыңғы тістерді сыртына орналастырмауын қадағалау. 2. Тіл жалпақ, шеттері ауыз бұрыштарын тиіп тұрады. 3.Тілді ерінмен бірнеші рет ұру керек. Жаттығу жасау кезінде баланың дем шығару ын біркелкі болуын қадағалау қажет. «Дәмді тосап»Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау)тәрізді қалыпта ұстауын үйрету. Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.
Әдістемелік нұсқау.1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.
«Параход»
Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағынның қимыл-қозғалыс ын жетілдіру.
Қысқаша сипаттамасы: ауызды кішкене ашып ы дыбысын ұзақ айту.
Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің ұшы төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қара көтеріңкі болуы керек.
«Күркетауық»
Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағының қимыл-қозғалысын жетілдіру
Қысқаша сипаттамасы: Ауызды аздап ашып, тілді жлғарғы ерінге,қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек.Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады. Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің жалпақ, қимылы артқа-алға болуын қадағалау керек.2.Тілмен жоғары ерінді «жала» керек.
«Әткеншек»Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.
Қысқаша сипаттамасы: Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.
Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау керек.Осылай тілдің қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек.
Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.