Ата – аналарға арналған кеңес

«Біздің балалар — билингвтер» кеңесі

Мақсат:Билингвтер туралы мәлимет беру.Ата-аналардың сауаттылығың көтеру

Адамдар «егер бала бірнеше тілді меңгерсе, онда оның өсуіне әсер етеді» деп есептеген. Балабақшада «тілдік ортаға» бата отырып немесе репетитормен айналыса отырып бала оны ата-анасынан табиғи жолмен алады ма, онда шаруа жоқ. Бұның жақсылыққа апармайтынына ата-аналар әуел бастан күдіктенген болатын. Қазірде көптеген аналар мен әкелер балаларын ерте бастан бірнеше тілге үйретуге қорқатынын 50 жылдан кейінгі зерттеулер де дәлелдейді («Билингв туралы жаңалықтарды да» оқыңыз).

«Language teaching» ғылыми журналында жарияланған Торонто университеті ғалымдарының көзқарасы бойынша бәріне IQ (интеллект коэффициентін тексеру) тесті кінәлі. Атап айтқанда олар билингв балалар өз құрдастарынан нашар дамыған деп көрсетті. Тестілеу нәтижелері әділ көрсеткіш болмайтыны және ол әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты өзгеріп отыратыны бүгінге белгілі. Қарапайым тілмен айтқанда: бай отбасының балаларында құрдастарына қарағанда IQ жоғары («Бай балалар – дарынды?» оқыңыз). Өткен ғасырдың басында негізінен кедей отбасында өскен балаларды, билигв балаларды тестілеуден өткізген. Одан басқа IQ тесті тек бір тілді білуге ғана назарға ілінеді және көптеген басқа факторлар ескерілмейді.

70-80 жылдары ғалымдар билингв балалардың бақа балалардан айырмашылығын белсенді түрде зерттеуді бастады. Балалық шақта екі тілді үйрету адамға «металингвистикалық түсінік» (мұндайда дұрыс жазу емлесін, септеуді, жіктеуді және басқаларын жаттап алмай тілдің түрлі заңдылықтарын шырамыту, талдау және пайдалану қабілеттілігі) береді екен.

Менің балам – билингв?

Қазіргі заман ғылымының пікірінше, тіл – бірыңғай политикалық термин. Қайсы тілді «тіл» деп, қайсысын «диалект» екенін саясаткерлер шешеді. Лингвистикалық көзқараспен, барлық тіл – диалектілер, ал диалектілер – бұл тіл. Бұған сіздің күмәніңіз болмаса да, бұл балаңыздың билнгв болуы мүмкін екендігін білдіреді. Егер бала сізбен «дұрыс» орыс тілінде, ал әжесімен жергілікті мәнермен сөйлессе, ол – билингв.

Қазіргі уақытта ғалымдар жер шарындағы адамдардың көбісі билингв екендігінен шығатын шет тілдерді оқыту әдісін жетілдірумен жұмыс жасауда. Тілді үйренуді бастаған адам ертеден-ақ монолингв екені аксиомаға алынған.

«Билингв бала» деген кім? Екі тіл және екеуі де туған тіл болуы мүмкін бе?

Егер адамдар туғанынан бірнеше тілде сөйлесе қандай жақсы болар еді! Ең болмағанда, әлемге әйгілі тілде. Үйренуге уақыт та, ақша да шығындалмас еді. Негізінде ондай адамдар арамызда бар, бірақ біз оларға көңіл аудармаймыз. Екі тілде бірден сөйлей бастаған бала – билингв деп аталады.

Билингвизм дегеніміз не? Билингвизм – бұлекі тілді білу. Табиғи (әр түрлі тілдік ортада екі тілді білу үнемі табылып тұрса) және жасанды (шет тілдерді ерте жастан үйренуді бастаса) болып ажыратылады. Қостілді жүйеде өскендер – билингвтер. Бала үйде бір тілді, аулада, балабақшада, көшеде басқасын естиді (мысалы, бұрынғы союз республикалары). Билингвизмнің белгілі оқиғалары мен жасанды жасалған жайғдайында әкесі ұлының туғанынан бастап ағылшын тілінде сөйлессе, бала бес жасқа келгенде орыс тілін қалай меңгерсе, алін қалай меңгерсе, ағылшын тілін де солай, бірдей жақсы меңгереді. Мұнымен «гувернатика әдісі» негізделді.

Билингв бала өміріне не береді? Қостілдік ақыл-естің дамуына, түсіну дағдысына, тілдік құбылысты талдауға, аңғарымпаздыққа, тезшілдікке, математикалық ептілік пен логикасына оң әсерін тигізеді. Толыққанды дамып жатқан билингвтер абстрактілі ғылымдарды, әдебиеттер мен басқа да шет тілдерді жақсы оқиды және басқаларынан күшті меңгереді.

Билингв баланың монолингвтен айырмасы тілдік тәжірибесі кең болса да, лингвистикалық құбылыстарға қызығушылықтары басым. Онда аудару дағдысы ерте дамиды. Екі тілді белсенді қолдана отырып, ол тіпті сөздің шығу тегін (этимологиясын) өзі ойлап табады.

Қазіргі уақытта жетістікке жету үшін үш, не болмаса төрт тілді білу қажет. Бала ең болмағанда, бірден екі тілді білуіне қалай қол жеткізуге болады? Алдымен өзіңе не керек және ол не үшін керек екендігін анықтап алу қажет. Егер мақсатың – баланы Гарварда сияқты беделді мектепке беру болса немесе алыс жаққа тұруға кету болса балаңа қатысы бар сол ересек топта тілмен айналысатын бала профиіңе сенуің дұрыс болар. Бұл тіл тасушы болуы ләзім. Мектепте репетитор іздеуге уақыт шығындамас үшін жай ғана бала өмірін жеңілдеткіңіз келсе, онда мектепке дейінгі оқушыларға арналған курсқа апаруға болады. Баланы қандай ең жақсы жолмен үйретуді ұйымдастыру керектігін бірге талқылап алайық.

Сізді басқа елде тұрады делік, екі тіл де амалсыздан қажет. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Қай әдісті таңдау керек?

Сонымен, сен ана тілде сөйлесең, ал әкесі немесе отбасында біреу басқа тілде сөйлесе, балаға шет тілін үйрету жеңіл. Ал егер баланы жалғыз тәрбиелесең ше? Өзіңе қалай ыңғайлы, солай балаңмен сөйлес: кей сөздерді бір тілде, кейбірін басқа тілде айт, өлең оқы, ән сал. Егер сен бұдан рахаттансаң, сәбиің де қуанады және еш қиындықсыз екінші тілді де үйреніп алады. Бала бірінші орыс тілінде сөйлей бастауы мүмкін, ал басқа ортаға түскенде сәби кезінде естігендері есіне түседі. Ең бастысы — әдейі үйретпей жай ғана сөйлесу. Езбе ережелер сияқты емес ойындар сияқты сабақтарға бар. Бұл жастағы балалар анасының көңіл-күйіне өте сезімтал келеді. Балаңда кемшіліксіз дыбыстау мен супер білім емес, жай ғана екі туған тіл болуына қол жеткізгің келсе.

Кейбір мамандар синхронды аударуға кеңес береді, яғни бір затты әр тілде айту керек. Бірақ жәшік пен «wardrobe» — бір мағынаны беретін екі түрлі тілдегі сөздер екенін міндетті түрде түсіндіру керек.

Екінші тілді қашан үйретуді бастау керек

Егер балаңның қабілеттілігі балалық шақтан дамуы үшін екінші тілді білуі керек десең – бұл тіптен басқа шаруа. Бірақ бұл жерде басқа сұрақ туындайды – қашан бастау керек? Психологтар мен педагогтар бұл тақырыпқа дауласып келе жатқандарына бірінші жыл емес.

Атақты дәрігер Гленн Доманның жетекшілігімен Филадельфин институтында ең тиімді оқыту мидың дамуы кезеңінде болатынын дәлелдеді. Сондықтан балаға екі немесе үш жастан үйрету әлдеқайда жеңілірек. Бұл аз болғандай, шет тілін ерте жастан үйренген бала туған тілін жақсы меңгеретінін зерттеулер дәлелдеп отыр. Үш жасқа дейінгі бала сіңіруге, еліктеуге, еруге, қабылдауға қабілетті.

Бірақ кейбір мамандар баланы 4 жастан кейін үйретуге бастау жақсы деп санайды. 4 жастағы ұлдың анасы Лариса ағылшын тілінің арнайы мектебіне курсқа баланы беру керек пе, жок па деген сұрағына олар:

«Ешқашан баланы ешқайда бермеңдер. Мектепке дейінгі бір жылда біздің дайындау курсымызға келуді бастаған дұрыс. Қайта оқытқаннан жай оқыту әрқашанда жеңіл» деп жауап берген.

«Баланы ағылшынша сөйлетуді қалай үйрету керек» оқу құралының авторы И.Л. Шолпо бес жастан бастаған дұрыс деп есептейді. Төрт жастағыларға, оның пікірінше, мүмкін, бірақ ол өнімсіз.

Солай бола тұрса да 1994 жылы Сыктывкарада қойылған эксперимент нәтижесінде үш жастағылар шет тілін сәтті үйренуі мүмкін екендігіне көз жеткізді. Балалар бұл жаста ізденгіш, білуге құмарлық, оларда жаңа әсерге деген сарқылмайтын мұқтаждық, зерттеуге деген ынтызарлық қасиеттері бар. Адамның негізі ерте жастан қалыптасады, мұны естен шығармаған дұрыс.

3 жастағы баланы грамматика мен дұрыс дыбыстауға үйрету шындыққа жанаспайтыны түсінікті, бірақ болашақта тілді үйретуге шарт жасауға болады.

Тіл үйретуге шарт жасаймыз

Егер бала өте кішкентай болса, бейтаныс сөздерге оны қалай қызықтыруға және шошытпауға болады?

1. Екі тілдің дыбысталуында айырмашылық бар екеніне баланың құлағын үйрет. Ағылшын тіліндегі мультфильм сатып ал. Оның орыс тіліндегісін ол қараған болса тіпті жақсы. Қарар алдында басқа тіл мен сөздер сол мағынаны білдіреді, бірақ басқаша дыбысталатынын міндетті түрде түсіндір.

2. Осы тілде сөйлейтін адамдардың арасында жиі бол, мүмкін балаңмен сол тілде сөйлейсіз. Балаңмен шет тілдегі фильмдерді қара. Тақпақтарды жаттат.

3. Бала қандай да бір сөзді біліп, оны дыбыстайтын болса, оны бейнекамераға түсіріп көр, сосын балаңа көрсет. Балалар өздерін қуана қарайды, бұл балаға не айтатынын және қалай айтатынын сезінуіне көмектеседі.

4. Оның шет тілдегі сүйікті әнін сатып ал. Оны ауық-ауық қосып қой, бірақ көп емес, әйтпесе балаға тіл ұнамсыз болып қалуы мүмкін. Ағылшын тіліндегі балалар әнін өзіңе де салуыңа болады. Ең кішкентайлар үшін шағын мақалдар, жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтар, комикстер, пазлдар табуға, тіпті билингвтерге арналған сайтта сурет салуға үйретуге болады.

5. Сөздері бар кітаптар, боямалар, картинкалар сатып алуға оған әлі ерте. Бірақ оның бәрін өзің ненің қалай аталатынын түсінуің үшін, сатып алуыңа болады.

6. Баланы ойнатқанда ойыншықтарды шет тілде де, орыс тілінде де ата. Ең дұрысы, 3-4 жастағы балалар үшін түрлі тақырыптар бойынша сөздер мен мәнерлерді үйрету. Сондықтан жай ғана белгілі бір бөлімді алып (жемістер, жануарлар, түстер және т.б.), оған ойындар (олар өте көп), өлеңдер, картинкалар мен боямалар (ондайлар шетел сайттарында көп) таңдап алу керек.

7. Балаға сөз үйреткенде, бала миының мынадай ерекшелігін ескеру керек: екі түрлі дыбысты бейненің өзара қатынасынан гөрі сөздің дыбысты бейнесі мен көзбен шолу арасында байланыс орнату әлдеқайда жеңіл. Басқаша айтқанда, егер балаға «ит ағылшынша «A dog» дегенді білдіреді дегеннен гөрі, көшеде жүгіріп бара жатқан итті немесе соған сәйкес картинканы көрсетіп: «It`s a dog» десең бала есте оңай сақтайды.

8. Ойын түрі балаға сөзді тез үйренуге көмектеседі. Мысалы, сіз ұйықтауға жаттыңыз. Ұйқыға байланысты барлық әрекеттерді, ең алдымен, екі тілде айтыңыз. Петя хочет спать – Pete is sleepy, мы чистим зубы — we`re cleaning the teeth. Содан соң іс-әрекетіңізді, мысалы, жуынғанда шет тілде айтыңыз. Сонда ғана оған сөздер тез есінде сақталады.